Оптика
Авто Body жауапкершілігі шектеулі серіктестігі DEPO автокөліктік оптикасының Қазақстандағы ресми импортшысы болып табылады. Тауар сұрыпталымында, кең тараған автокөлік маркаларына арналған өте көп мөлшерде фаралар, шамдар, тұманға қарсы фаралар, бұрылулар бар. Авто Body компаниясы DEPO автокөліктік оптиканы көтерме клиенттердің және бөлшектеп сатып алушылардың да алуына мүмкіндік береді.
DEPO – бұл фаралар, сонымен қатар тұманға қарсы фаралар, бұрылу жарығы, кері жүрістің жарықтық көрсеткіштерін жасап шығаратын сауда маркасы. Бұл марканың өнімдері автокөлік иелерінің, автокөлік өндіруші компаниялар арасында SAE & DOT және FMVSS-108 (автокөлік қауіпсіздігінің федералдық стандарты) стандарттарына сәйкес жоғары сапа есебінде лайықты беделге ие. Бұдан басқа, фаралар өндірісі ISO 9002 және QS 9000 сәйкес сертификатталынған. DEPO өнімдерін ұсынатын компаниялардың бірі - бұл американдық MaxzoneVehicleLightingCorp компаниясы.
Ming Yang Traffic Ind. Co., Ltd. (DEPO) компаниясы 1977 жылы Тайванда құрылған. Құрылған күннен бастап өнеркәсіп қол жетімді, сонымен қатар сапалы автокөлік бөлшектерін өндіруге бағытталды. Бұл үшін өнеркәсіпте алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған толықтай автоматтандырылған өндіріс енгізілді. Зауыттың жеке зертханаларында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары өндірісте жаңа ғылыми зерттемелерді енгізуге және қазіргі заманғы деңгейдегі өнімдерді шығаруға мүмкіндік берді. Шығарылған өнім әр кезеңде қатаң сапа бақылауынан өтеді. Қазіргі таңда MingYangTrafficInd. Co. – автокөлік оптикасын шығаруда мамандандырылған дүниежүзілік деңгейдегі зауыт. DEPO сауда маркасы өнеркәсіп орналасқан қаланың атына байланысты аталды.
DEPO негізгі ұстанымы – алдыңғы фаралар, артқы шамдар, тұманға қарсы фаралар, бұрылу жарығы, кері жүріс көрсеткіштері, стоп-сигналдар. Дүниежүзінің жүз мемлекеттерін оптикамен қамтамасыз етеді. DEPO өнімдерінің АҚШ автокөлік нарығындағы жоғарғы позициясы оның пайдасына өте маңызды дерек болып табылады. Және бұны түсінуге болады. DEPO оптикасы АҚШ автокөлік қауіпсіздігінің федералдық үлгідегі SAE & DOT и FMVSS-108 стандарттауын алды.
DEPO оптикасы қазіргі заманғы материалдар: арнайы пластик пен жоғары сапалы әйнекті пайдалану арқылы жасалып шығарылады. Құрымдылылық өзгешеліктеріне және құрастыру барысына жете назар аударылады. Осының нәтижесінде дұрыс орталықтандыруға және автокөліктің жарық техникасына қойылған басқа да талаптарына сәйкестілікке қол жеткізіледі.
Жарық техникасына қоса DEPO компаниясы кезінде өз қызметін бастаған шанақ элементтерін шығаруды жалғастыруда.
Барлық өнімдер баға және сапаның оңтайлы үйлесімін тапқан және автокөліктердің көптеген маркаларына жөндеу жүргізу үшін пайдалануға болады.