ТОО "АВТО BODY CO."
Казахстан, г. Алматы
ул. Утеген батыра, 11А

Шанақ

tyg
TYG автокөліктік шанақтық қосалқы бөлшектері
Авто Body TYG шанақтық қосалқы бөлшектерінің Қазақстандағы ресми импортшысы болып табылады. Сұрыпталымында өте көп мөлшерде әр түрлі автокөлік маркалары үшін автокөлік бамперлері, қанаттары, капоттары, радиаторы торлары, молдингтері және қажетті басқада бөлшектері бар. Авто Body TYG шанақтық қосалқы бөлшектерін көтерме Клиенттермен қатар бөлшектеп сатып алушылардың алуына мүмкіндік береді.
Tong Yang Group 50 жылдан астам уақыт бойы автокөліктердің шанақтық қосалқы бөлшектерін зерттеумен, дамытумен және сатумен айналысады. Қазіргі күнде, TYG автокөлік өнеркәсібінде автокөліктер шанағының металл және пластикалық қосалқы бөлшектерін өндіруге маманданған ірі бірлестігіне айналды. Tong Yang Group (TYG) бірлестігі 1952 жылы велосипедтерге арналған пластикалық бөлшектерді өндіру зауытынан пайда болды, 1967 жылы өндірістік бағдарламаға мотоциклдерге арналған қосалқы бөлшектер қосылды, ал 1976 жылдан бастап зауыт автокөліктерге арналған бөлшектерді өндіре бастады.
Қазіргі күні бұл Қытайда, Тайванда, Тайланда он бестен астам ірі зауыттары бар, сонымен қатар АҚШ (Техас штаты) және Италияда зауыттары бар Тайвандағы ең ірі өндірістік бірлестік. TYG көптеген американдық, жапондық және еуропалық автокөліктер шанағының қосалқы бөлшектерін өндіреді. Барлық өнімдерінде ISO 9000/9002 сертификаты бар. Тікелей шанақ бөлшектерін өндіретін зауыт 1972 жылы құрылғын. Қазір зауыттың 53 263 шаршы метр жері бар және қызметкерлерінің саны 320 адам. 90% -нан астам операциялары автоматтандырылған. 1997 жылы өнеркәсіп SO9002 сертификатын, ал 1998 жылы ISO9000 сертификатын алды. TYG дистрибуция желісі Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Жапония, Таяу Шығыс, Австралия, Оңтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азияның 100-ден астам елдерінде таралған. Өңдеу және зерттеу орталығының назары әрдайым технологиялар және ақпараттар инновациясына тоғыстырылғын. Бұл еңбектің арқасында, CAPA (Certified Automotive Parts Association) TYG бірлестігіне «CAPA жаңаша сапа стандарттарына максималды сәйкестік» атағын берді. TYG бірлестігіне Ford Q1 Quality Supplier (Ford үшін сапалы бөлшектер жеткізушісі) мәртебесі берілді. ISO 14001 сертификаты бар.
TYG кәсіпорынының сұрыпталымында: айналар, алдыңғы панельдер, радиатор торлары алдыңғы және артқы бамперлер, автокөлік қанаттары, капоттар, салқындату желдеткіштері, жақтаулар, диск қақпақтары, арка кеңейткіштері, аспап –құрал панелдері, фаралар, артқы шамдар, тұманға қарсы фаралар, есіктің сәнді панелдері және т.б. бөлшектер бар.
Нарықта жетекші болып, алдыңғы қатарлы технологияларды дамытады және дүниежүзі деңгейіндегі нарықтағы қол жетімді өнімдерді сапалы жасайды – бұл Tong Yang Group (TYG) тауашасы. Сонымен қатар, клиенттерге жылдам және ауқымды түрде қызмет көрсету үшін, таратылу орталықтары дүниежүзі бойынша көбейген.
TYC өнімдерінің бәсекелік артықшылықтың бірі түпнұсқа деңгейіндегі жақсы сапа және бөлшектерінің төмен бағасы болып табылады.