ТОО "АВТО BODY CO."
Казахстан, г. Алматы
ул. Утеген батыра, 11А

"Авто Body Co." ЖШС

"Авто Body Co." компаниясының негізі 2001 жылы қаланды. Бастапқы кезеңде компания штатының қызметкерлер саны тек 2 адамнан құралған, алайда компания қарқынды түрде дамып, 13 жыл ішінде қызметкерлер саны маусымға байланысты 25-30 адамға дейін өсті. "Авто Body Co." компаниясының ұжымы – бұл өздерінің Клиенттерінің өмір сапасын жақсарту бойынша алған міндеттемелерін нақты орындайтын, кәсіпқойлардан тұратын үлкен ұйымшыл команда. 2013 жылы Клиенттерге сауалнама жүргізу арқылы, компания иесі, қызметкерлер – бұл басты Жеңіс екеніне дәлелдеу алды. Сұралғандардың басым көпшілігі "Авто Body Co." жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен жұмыс істеуінің негізгі факторы - бұл оның қызметкерлері деді.
Компания өзінің кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы нарығына Subaru маркалы автокөлігінің қосалқы бөлшектерінің жеткізілімінен бастаған. Қазіргі таңда, компания Toyota, Mitsubishi, Suzuki, Nissan, Ford, Kia, Volkswagen және тағы басқа сол сияқты көптеген авто өндірушілердің автокөліктеріне қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды өндіру бойынша дүниежүзілік ірі зауыттармен серіктестік қарым-қатынастар жасауда. Солардың көмегімен компания 2007 жылы Еуропадағы сатып алушылардың арасында тауарды сатып алу бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, компания жыл сайын Алматы қаласында өткізілетін Қазақстандағы орасан зор – «Автошоу. Автокөліктер және қосалқы бөлшектер» атты авто-көрмеге қатысады.
Бүгінде Авто BODY – Қазақстан Республикасының кез келген қажеттілігін қамтамасыз ете алатындай тауар көлемі бар, шанақтық авто бөлшектерді сату бойынша жалғыз компания.
Компанияның негізгі басымдылықтарының бірі меншігіндегі қойма бөлмелері бар 5 гектар жері болып табылады, бұл Клиенттердің сұрауларына шапшаң жауап беруге, тауарлар сұрыпталымының үнемі қолда бар болуын сақтап отыруға мүмкіндік береді.
Жабдықтаушылар мен делдалдармен серіктестік қарым-қатынастарынан басқа "Авто Body Co.", Қазақстанның кез-келген аймағына тауарды өте қысқа мерзімде және сапалы түрде жеткізуді жүзеге асыра отырып сенімді логистикалық компаниялармен қызмет жасайды.
Бүгінде "Авто Body Co." ЖШС-ның түпкілікті өнімі – бұл адамдар өмірінің сапасын жақсарту!!!

Біздің байланыстар:
Қазақстан, Алматы қаласы,
Ақбұлақ ықшам ауданы, АЗТМ 96,
"АВТО BODY CO." ЖШС,
+7 (727) 397 93 42;
+7 (771) 754 41 80;
+7 (771) 754 41 81;
+7 (771) 754 41 82.